«SMART- ОҚУШЫ» жобасы

Білім алушылардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру, өнертапқыштық қасиеттері бар балаларды анықтау, қолдау және дамыту, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы, білім берудің озық дамуы жағдайында қабілеттеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасайды.

Жобаның мақсаты:

Оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.Білім алушылардың цифрлық сауаттылық білімдерін тереңдету, олардың ғылыми түсініктерін кеңейту, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, пәндерге деген қызығушылығын ояту. Сонымен қатар, жастар арасында патриотизмді нығайту және ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал ету де - басты мақсаттардың бірі


Міндеттері:

  • Оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
  • Жан-жақты ақпараттандыру;
  • Коммуникативті бейімдеу;
  • Білімнің бағасын арттыру;
  • Пән бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу;
  • Оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру;
  • Оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.



Күтілетін нәтижелер:

-Білім алушылардың цифрлық сауаттылықтары артады;

-Өз -өзіне сенімді, білімді, талантты, шығармашылығы дамиды;

-Ойлау қабілеті озық болады;

-Коммуникативті бейімделген;