«Teachers Lab» шығармашылық зертханасы
Мақсаты: «Teachers Lab» оқу –әдістемелік зертхана жобасы бойынша педагогтардың еркін форматта өз қызығушылықтары мен әдіс тәсілдерін іс-тәжірибеде тарату және тәжірибе алмасу;
Инновациялық бағытта педагогикалық білім берудің заманауи трендтерін тәжірибе алмасу арқылы мектепішілік семинар, шеберлік сынып сағатын ұйымдастыру;
Тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибесін зерделеу арқылы педагогикалық дағдыларды игеруде мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру және жас мамандарға қолдау көрсету;
Күтілетін нәтиже:
-біздің жұмысымыз білім берудің жоғары сапалы, тұрақты және мәдениетке сәйкес болуын қамтамасыз етуге көмектеседі;
-мұғалімдер мен оқушылар білім алуға және мағыналы өмір сүруге мүмкіндік беретін мүмкіндіктерімен бірге дамып жатқан әлемді елестетету арқылы дамуға бір қадам жол ашады;
-жас мамандардың кәсіби білікті болуға қызығушылығын тудырады;
-оқыту стандарттары мен әдістерін тиімді пайдалануда көмектесетін ресурстардың жинағын жасақтауда мүмкін аламыз;
-біздің жұмысымыз білімге құмарлықты және оқу зертханасына әділеттілік пен еркіндікке, шығармашылыққа ұмтылатын тамаша адамдардың қатарын көбейтуге мүмкіндік алады;
-тәжірибелі ұстаздармен «Шебер сынып» өткізу және жас мамандарға арналған оқу-әдістемелік сабақтар жүргізеді;
-педагогикалық кеңестерді, білім беру мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларды дайындауға және ұйымдастыруға жас мамандарды тартамыз.