Құрметті оқушылар, ата-аналар және әріптестер!
Сіздерді жайлы мектебіміздің ресми сайтында қарсы алғаныма қуаныштымын! Бүгінгі таңда мектеп тек білім беру мекемесі ғана емес, әр бала мен ата-ана үшін жылы ұя, рухани құндылықтарды ұлықтап, баланың дамуына, шығармашылыққа және болашаққа сенімді қадам басуына бағытталған орталық.
Біз, ұстаздар, әрбір оқушының қабілетін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға, өзін-өзі тану мен шығармашылық әлеуетін ашуға бар күшімізді саламыз. Сапалы білімге тек мүмкіндікті қамтамасыз етіп, жасампаз тұлға тәрбиелеу — біздің басты мақсатымыз.
Осы сайт арқылы сіздер мектеп өміріндегі жаңалықтармен, оқушылардың жетістіктерімен, және маңызды ақпараттармен таныса аласыздар. Сондай-ақ, бұл платформа ата-аналармен ашық диалог құруға, оларды мектеп өміріне белсенді қатыстыруға мүмкіндік береді.
Әрқайсыңыздың ортақ мақсатымызға жету жолында үлес қосып, ынтымақпен еңбек ететіндеріңізге сенім артамын. Біздің мектебіміз — сіздердің сенімдеріңізді ақтап, болашақтың табысты азаматтарын тәрбиелейтін мекенге айналатынына сенімдімін.
Ізгі ниетпен, мектеп басшысы Джумартова Данара Мейранбекқызы