Астана қаласы әкімдігінің №111 орта мектеп КММ-нің
Қамқоршылық кеңесінің №1 хаттамасынан үзінді
Астана қаласы әкімдігінің №111 орта мектеп КММ
Қамқоршылық кеңесінің №1 хаттамасынан үзінді
Күні: 16.10.2024
Қатысқандар: 19
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібі:
- 2024-2025 оқу жылына Қамқоршылық кеңес құрамын сайлау.
- Қамқоршылық кеңес төрағасын сайлау.
- Қамқоршылық кеңестің 2024-2025 жылдарға арналған жоспарын бекіту.
1. Тыңдалды:
Құрметті Қамқоршылық кеңес мүшелері, «Астана қаласы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №111 орта мектебінің» Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту туралы бұйрықпен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Қамқоршылық кеңесінің құрамына мыналар кіреді:
- Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері.
- Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері.
- Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болған жағдайда).
- Әрбір параллель сыныптан ата-аналар комитеті ұсынған білім алушының бір ата-анасы немесе заңды өкілі.
- Қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.
Қамқоршылық кеңес құрамы «Білім туралы» ҚР Заңының 51-бабы 1-тармағының 2 және 3 тармақшаларында көрсетілген адамдарды қамтымайды. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болуы тиіс.
2. Тыңдалды:
Құрметті кеңес мүшелері, «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Аталған бұйрыққа сәйкес, Қамқоршылық кеңестің төрағасы ашық дауыс беру жолымен сайланады және кеңестің басшысы болып саналады. Мемлекеттік органдардың өкілдері кеңес төрағасы лауазымына сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.
Қамқоршылық кеңес төрағасы болмаған жағдайда, оның қызметін кеңес мүшелерінің біреуі уақытша атқарады. Төраға Қамқоршылық кеңес атынан әрекет етеді және кеңестің қызметін қамтамасыз етеді.
Кеңестің хатшысы отырыстарды ұйымдастыру, хаттамаларды рәсімдеу және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу міндетін атқарады.
Қамқоршылық кеңес төрағасын сайлау:
- Кім қолдайды? Барлығы.
- Қарсы? Жоқ.
- Қалыс қалғандар? Жоқ.
3. Тыңдалды:
Құрметті кеңес мүшелері, Қамқоршылық кеңестің 2024-2025 жылдарға арналған жоспарын бекіту қажет. №355 бұйрыққа сәйкес, Қамқоршылық кеңестің өкілеттілігі басшылыққа алына отырып, жоспар құрылуы тиіс.
Кеңес төрағасын сайлау:
Кеңес мүшесі Орынбеков Нұрсұлтан Орыналыұлы өз кандидатурасын ұсынды.
- Кім қолдайды? Барлығы.
- Қарсы? Жоқ.
- Қалыс қалғандар? Жоқ.
4. Шешім:
- «Астана қаласы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №111 орта мектебі Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, барлық Қамқоршылық кеңес мүшелері өз міндеттерін жауапкершілікпен орындасын.
- Қамқоршылық кеңес мүшелері ҚР БҒМ-нің «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 01.03.2023 жылғы №56 бұйрығын басшылыққа ала отырып, өз жұмысын жүргізсін.
- Қамқоршылық кеңестің 2024-2025 жылдарға арналған жоспары бекітілсін.
- Қамқоршылық кеңес төрағасы лауазымына Орынбеков Нұрсұлтан Орыналыұлы, ал хатшы лауазымына Махмудова Гүлсая Ренуарбековна тағайындалсын.
- Қамқоршылық кеңестің 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.