Бұл жоба түрлі топтағы оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын насихаттау және дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дәріптеуді көздейді.
Жобаның мақсаты: Түрлі топтағы оқушыларды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, олардың тәрбиелеу мен сауықтыруда қоғам өкілдерін, еріктілерді тарту арқылы идеалдық рухта тәрбие беру.
Міндеттері:
- Дене шынықтыру мен спорт арқылы отбасылық байланыстарды нығайту.
- Бәсекеге қабілетті және рухани сау ұрпақты тәрбиелеу.
- Тарихи-мәдени және этнографиялық ақпаратты қолдана отырып, танымдық іс-шаралар ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- Жобаға қатысушы жастардың ұлттық спортқа қызығушылығы артады.
- Салауатты өмір салтын ұстанушылар саны көбейеді.
- Ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар жаңғырып, кең аудиторияға таралады.
- Қоғамда патриоттық сезім мен ұлттық бірегейлік нығаяды.
- Отбасы мүшелерінің арасында ынтымақтастық пен бірлік артады.