«Creative Club 111» жас мамандар мектебі


Жас мамандардың кәсіби дамуы, өзіндік білім алуы мен шығармашылық тұрғыдан кәсіби деңгейін көтеруі бағытында жұмыс жасайды.

Жас педагогқа арналған мектептің құрылу мақсаты – жас маманның кәсіби құзыреттілігін тиімді дамыту, жоғары кәсіби идеалдарды, әдістемелік дағдыларды қалыптастыру және үнемі өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін арттыру.


Жас педагогтар мектебінің міндеттері:

-Инновациялық даму жағдайында оқытушының мәртебесі және оның жұмыс жасау жүйесі туралы идея қалыптастыру;

-Үздіксіз білім берудегі жас мұғалімдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және кәсіби қиындықтарды еңсеруге көмектесу;

-Педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы білімді тереңдету, өзін-өзі дамыту, озық тәжірибені жалпылау және енгізу, әдістемелік өнімдерді құру, аналитикалық қызметті жүзеге асыру;

-Мұғалімдердің шығармашылық белсенділігінің жеке стилін қалыптастыруға жәрдемдесу;

-Жас мұғалімдерге оқу процесіне заманауи тәсілдер мен озық педагогикалық технологияларды енгізуге көмектесу.


Жас мамандар мектебі қызметінің негізгі бағыттары:

Прогрессивті білім беру технологияларын енгізу арқылы мұғалімнің жеке кәсіби стилін қалыптастыру;

Тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибесін зерделеу арқылы педагогикалық дағдыларды игеруде жас мамандарға көмек көрсету;

Тәжірибелі ұстаздармен «Шебер сынып» өткізу және жас мамандарға арналған оқу-әдістемелік сабақтар жүргізу;

Педагогикалық кеңестерді, білім беру мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларды дайындауға және ұйымдастыруға жас мамандарды тарту;

Жас мамандар жұмысының нәтижелеріне мониторинг жүргізу;

Жас мамандар жұмысының жетістіктерін диагностикалау.