"Ұстаздықтан басқа" айдары
Жобаның мақсаты:
Мұғалімдердің шығармашылық және кәсіби қызметтен тыс қызығушылықтары мен таланттарын көрсету арқылы олардың тұлғалық қырларын ашу, ұстаз беделін арттыру және ұжымдық ынтымақтастықты нығайту.
Міндеттері:
- Мұғалімдердің кәсіби қызметтен тыс қызығушылықтары мен хоббилерін насихаттау.
- Ұстаздардың шығармашылық, спорттық, өнердегі және өзге де ерекше қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.
- Ұстаздар арасында ынтымақтастықты нығайту, жаңа идеялармен бөлісу алаңын қалыптастыру.
- Оқушыларға ұстаздардың жан-жақты тұлға екенін көрсету арқылы мотивация беру.
- Мұғалімдердің жұмыс барысындағы стрессті төмендету және ұжымдық рухты көтеру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- Ұстаздардың көпқырлы таланттары мен қызығушылықтары насихатталып, олардың шығармашылық әлеуеті артады.
- Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас нығайып, өзара түсіністік күшейеді.
- Ұжым ішінде жағымды атмосфера қалыптасып, әріптестер арасында жаңа ынтымақтастық байланыстар орнайды.
- Мұғалімдердің жұмысқа деген ынтасы артып, шығармашылық шабытын дамытуға мүмкіндік беріледі.
- Ұстаздар қоғамдағы рөлі жан-жақты көрсетіліп, олардың еңбегіне деген құрмет артады.