«KazakFest» жобасы
Мақсаты:
Қазақ мәдениеті мен дәстүрін, тілін, өнерін насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және оларды өз халқының тарихымен таныстыру.
Ұрпақтардың ұлттық құндылықтармен байланысын нығайту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Міндеті:
Қазақ тілін дамыту: жоба барысында оқушыларға қазақ тілін үйрену және оны қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік беріледі. Тіл байлығын арттыру мен тілдің сақталуына үлес қосу.
Ұлттық дәстүрлерді насихаттау: Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныту,ұлттық ойындар, халық әндері мен билері, дәстүрлі қолөнер туындыларын, ұлттық киімдерді нсихаттау.
Жас дарындарды қолдау: жоба барысында әртүрлі шығармашылық бағыттарды қолдап, жастардың өнерін бағалауға арналған алаң. Оқушылардың ән айту, би билеу, өлең айту, сурет салу секілді өнер салаларындағы талантына назар аударылады.
Ұлттық бірлікті нығайту: жоба мектеп ішіндегі бірлікті нығайтып, оқушыларды бірге жұмыс істеуге, өзара сыйластық пен түсіністікке үйретеді. Бұл әсіресе ұлты мен мәдениеті әртүрлі балалардың бір мақсатқа бірігуіне ықпал етеді.
Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу: жоба қазақ халқының бай мәдени мұрасын, оның тарихы мен әдебиетін көрсету арқылы оқушыларға өз халқының мәдениетін терең түсінуге мүмкіндік береді.