«Нағыз ер азаматтар» клубы
Мақсаты: Жігіттерге тән қасиеттерді (батылдық, жауапкершілік, адалдық) дамыту және қоғамға пайда әкелетін азаматтар тәрбиелеу. Әлеуметтік, мәдени және рухани тұрғыда үлгілі, жан-жақты дамыған ер азаматтардың қалыптасуына ықпал ету.
Міндеттері:
Тұлғалық даму:
- Жігіттерді көшбасшылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі басқаруға баулу.
- Өзін-өзі дамытуға бағытталған тренингтер, семинарлар, спорттық және шығармашылық шаралар ұйымдастыру.
Рухани және мәдени тәрбие:
- Ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеу.
- Отбасылық құндылықтарды насихаттау арқылы болашақ әке ретіндегі жауапкершілікті түсіндіру.
Қоғамдық және әлеуметтік қызмет:
- Қоғамның әлсіз топтарына көмек көрсету арқылы азаматтық жауапкершілікті арттыру.
- Әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді болуға ынталандыру.
Денсаулық пен спорт:
- Салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шараларды өткізу.
- Физикалық және психологиялық төзімділікті қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- Қоғамға пайдалы, жауапкершілігі мол тұлға тәрбиелеу