«Өнегелі 15 минут» жобасы:
Жобаның мақсаты:
- Отбасының жағымды тәжірибесін және олардың отбасы тарихын зерттеу арқылы ата-аналарды мектеп өміріне тарту;
- ата-аналарды біртұтас білім беру кеңістігіне тарту арқылы олардың тәрбиелік функцияларын арттыруға жағдай жасау.
- Жоба аясында ұлттық салт-дәстүрлердің түрлері, тарихи-мәдени мұралар және отбасылық құндылықтар да таныстырылады. Сонымен қатар, жастар арасында патриотизмді нығайту және ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал ету де басты мақсаттардың бірі
Міндеттері:
- Оқушылардың, мектептің және ата-аналардың бірлескен іс-әрекеті арқылы отбасылық байланыстарды нығайту.
- Бәсекеге қабілетті және рухани сау ұрпақты тәрбиелеу.
- Тарихи-мәдени және этнографиялық ақпаратты қолдана отырып, танымдық іс-шаралар ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- Жобаға қатысушы жастардың ұлттық салт- дәстүрге қызығушылығы артады.
- Салауатты өмір салтын ұстанушылар саны көбейеді.
- Ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар жаңғырып, кең аудиторияға таралады.
- Қоғамда патриоттық сезім мен ұлттық бірегейлік нығаяды.
- Отбасы мүшелерінің арасында ынтымақтастық пен бірлік артады.
- Сыныптар отбасымен қарым-қатынас жасауда айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Ата-аналардың мектеп өміріне белсене араласуы бірлескен оқу, шығармашылық және спорттық шаралар арқылы жүзеге асады. Сыныпта ата-аналар комитеті құрылып, жұмыс істейді.
- Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі – бұл мақсатты іс-әрекет, нәтижесінде баланың жеке басының дамуына қолайлы жағдай жасалады.
- Бұл өзара әрекеттестік деңгейі неғұрлым жоғары болса, білім беру мәселелері соғұрлым тиімді шешіледі