«Өнегелі 15 минут» жобасы:


Жобаның мақсаты:

  • Отбасының жағымды тәжірибесін және олардың отбасы тарихын зерттеу арқылы ата-аналарды мектеп өміріне тарту;
  • ата-аналарды біртұтас білім беру кеңістігіне тарту арқылы олардың тәрбиелік функцияларын арттыруға жағдай жасау.
  • Жоба аясында ұлттық салт-дәстүрлердің түрлері, тарихи-мәдени мұралар және отбасылық құндылықтар да таныстырылады. Сонымен қатар, жастар арасында патриотизмді нығайту және ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал ету де басты мақсаттардың бірі


Міндеттері:

  1. Оқушылардың, мектептің және ата-аналардың бірлескен іс-әрекеті арқылы отбасылық байланыстарды нығайту.
  2. Бәсекеге қабілетті және рухани сау ұрпақты тәрбиелеу.
  3. Тарихи-мәдени және этнографиялық ақпаратты қолдана отырып, танымдық іс-шаралар ұйымдастыру.



Күтілетін нәтижелер:

  • Жобаға қатысушы жастардың ұлттық салт- дәстүрге қызығушылығы артады.
  • Салауатты өмір салтын ұстанушылар саны көбейеді.
  • Ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар жаңғырып, кең аудиторияға таралады.
  • Қоғамда патриоттық сезім мен ұлттық бірегейлік нығаяды.
  • Отбасы мүшелерінің арасында ынтымақтастық пен бірлік артады.
  • Сыныптар отбасымен қарым-қатынас жасауда айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Ата-аналардың мектеп өміріне белсене араласуы бірлескен оқу, шығармашылық және спорттық шаралар арқылы жүзеге асады. Сыныпта ата-аналар комитеті құрылып, жұмыс істейді.
  • Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі – бұл мақсатты іс-әрекет, нәтижесінде баланың жеке басының дамуына қолайлы жағдай жасалады.
  • Бұл өзара әрекеттестік деңгейі неғұрлым жоғары болса, білім беру мәселелері соғұрлым тиімді шешіледі