Бұл жоба түрлі топтағы оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын насихаттау және дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дәріптеуді көздейді.

Жобаның мақсаты: Түрлі топтағы оқушыларды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, олардың тәрбиелеу мен сауықтыруда қоғам өкілдерін, еріктілерді тарту арқылы идеалдық рухта тәрбие беру.


Міндеттері:

  1. Дене шынықтыру мен спорт арқылы отбасылық байланыстарды нығайту.
  2. Бәсекеге қабілетті және рухани сау ұрпақты тәрбиелеу.
  3. Тарихи-мәдени және этнографиялық ақпаратты қолдана отырып, танымдық іс-шаралар ұйымдастыру.


Күтілетін нәтижелер:

  • Жобаға қатысушы жастардың ұлттық спортқа қызығушылығы артады.
  • Салауатты өмір салтын ұстанушылар саны көбейеді.
  • Ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар жаңғырып, кең аудиторияға таралады.
  • Қоғамда патриоттық сезім мен ұлттық бірегейлік нығаяды.
  • Отбасы мүшелерінің арасында ынтымақтастық пен бірлік артады.