"Ұрпақтар сабақтастығы"
Жобаның мақсаты:
Білім мен тәрбие беру үдерісінде аға буынның өмірлік тәжірибесі мен құндылықтарын жас ұрпаққа жеткізу арқылы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау.
Міндеттері:
- Аға буын өкілдері мен жас ұрпақ арасында өзара байланыс орнату, тәжірибе алмасу алаңын құру.
- Мектеп оқушыларына өмірлік құндылықтарды, тарихи және мәдени мұраларды дәріптеу мақсатында кездесулер, сұхбаттар, шеберлік сабақтарын ұйымдастыру.
- Ұстаздар мен ата-аналардың, ардагерлердің және мектеп түлектерінің тәжірибесін жастарға үлгі ету.
- Тұлғалық даму мен ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға ықпал ететін іс-шаралар ұйымдастыру.
- Оқушылардың патриоттық сезімін, үлкендерге құрметін арттыру және әлеуметтік жауапкершіліктерін дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
- Аға буын мен жас ұрпақ арасындағы қарым-қатынасты нығайту арқылы ұлттық құндылықтарға деген құрметтің артуы.
- Оқушылардың тарихи-мәдени мұраға қызығушылығы мен жауапкершілігі артады.
- Өмірлік тәжірибесі мол тұлғалардан алынған білім мен тәлім оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
- Ұстаздар мен оқушылар арасында өзара ынтымақтастық пен тәлімгерлік жүйесі қалыптасады.
- Мектептің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жанданып, қоғамдық белсенділікке ықпал етеді.