«Жұлдызды Олимп» мұғалімдерге арналған KPI

(Key Performance Indicators) – мұғалімдердің кәсіби қызметін тиімді бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесі. Бұл жоба мұғалімдердің жұмыс сапасын арттыруға, білім беру процесін жақсартуға және еңбектің әділ бағалануын қамтамасыз етуге бағытталған. KPI рейтингі мұғалімдердің жұмысының әртүрлі аспектілерін нақты және өлшенетін көрсеткіштер арқылы бағалайды. Бұл жүйе сандық және сапалық деректерді талдауға негізделеді.


Мақсаты:

Жүйелі және объективті бағалау арқылы мұғалімнің жұмыс сапасын анықтау;

Жоғары нәтижеге жеткен ұстаздарды марапаттау және кәсіби дамуға ынталандыру.

Жаңа әдістемелерді енгізу және оқушылардың үлгерімін жақсарту.

Мұғалімдердің еңбегін әділ бағалауға және нәтижелерді жариялауға негізделген жүйе құру.


Міндеттері:

  • Мектеп, аудан немесе қала, республика, халықаралық деңгейге сәйкес негізгі бағалау критерийлерін әзірлеу;
  • KPI жүйесін енгізу және оның артықшылықтары туралы педагогтерді хабардар ету;
  • Мұғалімдердің көрсеткіштерін жүйелі түрде бақылау;
  • Мұғалімдерге жеке нәтижелері туралы ақпарат беру және кәсіби даму ұсыныстарын ұсыну.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Мұғалімдер жұмысын жақсарту мақсатында жаңа әдістерді үйренеді және қолданады.
  2. Жоғары рейтингке жету үшін мұғалімдер кәсіби дамуға белсенді түрде қатысады.
  3. Білім беру сапасының жақсаруы оқушылардың үлгеріміне және шығармашылық қабілеттерінің артуына әсер етеді.
  4. Мұғалімдер еңбегі объективті түрде бағаланып, нәтижелері нақты көрініс табады.
  5. Мұғалімдер жаңа технологиялар мен әдістемелерді белсенді түрде енгізеді.

Бұл жоба білім беру жүйесіндегі мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттырып, олардың еңбек нәтижелерін тиімді бағалауға арналған маңызды құрал бола алады.