Жеңімпаз


Тайланд астанасы Бангкокта мектеп оқушылары арасындағы Азия чемпионаты өтті. Бұл беделді халықаралық турнирге Жапония, Үндістан, Сингапур, Моңғолия және Филиппин сынды мықты құрамалар қатысқан 18 елдің спортшылары бақ сынады.


Бұл жарыста Қазақстан намысын Астана қаласының спортшылары қорғады. Оларды жаттықтырушы Эдуард Гергардт бастап барды. Біздің атлеттер жалпы саны 23 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 6 күміс және 10 қола.



​Әсіресе, қазақстандықтар эстафеталық жүзуде керемет өнер көрсетті. 111-мектептің 7 «Г» сынып оқушысы Амантай Арсен өз командасымен бірге Үндістан, Қырғызстан және Тайланд құрамаларын басып озып, турнир чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол жарыстан 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.